Текст
3 қазан күні 5, 7- сыныптарда ата-аналардың қатысуымен "Жердің температурасы" – атты ЭКО сағаты өтті.
Мақсаты: өскелең ұрпақты табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға тарту.
Оқушыларға жаһандық жылынудың негізгі себептері көрсетілген бейне көрсетілді. Әр сынып жеке тапсырманы орындады. 5 – сынып оқушылары ұсынылған материалдарды зерделеп. Ауаның ластануының басты себептерін көрсетті. Ал 7- сынып оқушылары графиктер құрастырып, көмірқышқыл газы өсуінің тәуелділігіне салыстырмалы талдау жасады. Бұл мәселенің барысында жалпы пікір талас талқыланды.
5, 7 – сынып жетекшілері