Текст
«Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы»онкүндігін өткізу аясында 2020 жылдың 3-11 ақпан аралығында 5-6, 7-8 сынып оқушылары үшін өзін - өзі тану пәні бойынша мектеп олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың бірінші туры 25 тест сұрақтарынан тұрды. Дұрыс жауап 1 баллдан тұратын.
Екінші турға қатысушылар берілген тақырыпқа эссе жазу керек болды. Эссе 5 баллдық жүйе бойынша бағаланды.
Үшінші турда оқушылар ұсынылған тақырыптардың біріне әлеуметтік жоба ұсынды.
Жеңімпаздар онкүндіктің жабылуына арналған сапта жарияланады.
Өзін-өзі тану ӘБ жетекшісі: Сенн Е. В.