Текст
20 қазанда 2 сынып оқушылары үшін Қазақстанның конституциялық-құқықтық құрылымына оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру, конституциялық-құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз» атты тақырыптық сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушылар әңгімеге белсене қатысып, өлеңдер оқып, «Мен және менің құқығым» тақырыбына суреттерін салды.
Бастауыш сынып мұғалімі: Сенн Е. В.