«Қазақша сөйлейік!»

«Қазақша сөйлейік!» тілдік квесті
«Балалық шақ әлемі - білім елі» атты бастауыш сыныптар онкүндігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушылары арасында қазақ тілі пәнінен «Қазақша сөйлейік!» атты тілдік квест өткізілді.
Іс-шара қызықты әрі достық атмосферада өтті. Оқушылар қызықты тапсырмаларды орындап, тапқырлықтарын, зеректіліктерін және қазақ тілі бойынша білімдерін көрсетті.
Қатысушылар әріптердің орнын ауыстырып, дұрыс сөзді құрастыруды қажет ететін «Сөздер әлемі» тапсырмасын орындады, сұрақтарға жауап берді, таныс қазақша сөздер мен олардың мағыналарын еске түсірді. Әсіресе «Сиқырлы қорапша» тапсырмасы балалардың қызығушылығын тудырды. Оқушылар қорапшадағы жасырылған заттарды сипап сезу немесе берілген белгілер арқылы тауып, олардың атауларын қазақ тілінде айтты.
Әрбір тапсырма оқушылардың сөздік қорын молайтуға, тілдік болжау қабілетін дамытуға және тілдік кедергіні жеңуге көмектесті. Балалар ойынға белсенді қатысып, бір-біріне қолдау көрсетіп, өз білімдерін тәжірибе жүзінде қуана қолданды.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Анапина Р.А.