Текст
28 шілдеден бастап 2-4 сынып оқушыларына арналған «Занимательная логика» пән үйірмесі жұмыс істей бастады. 5 күннің ішінде үйірмеге 12 оқушыдан артық қатысты. Өздерінің қалауы бойынша «Достық» сауықтыру орталығынан балалар да шақырылды.
Үйірмеде барлық сабақтар:
- оқушылардың оқу және ғылыми-көпшілік әдебиетімен өз бетімен және шығармашылық жұмыс істеуді, еңбексүйгіштік,
табандылық, шыдамдылық, ынтасын дамытуға ықпалын тигізеді;
- ұжымшылдық сезімін және жеке жұмысын ұжымдық жұмыспен үйлестіре білуді тәрбиелейді.
Негізгі мақсаты – баланы жан-жақты дамыту, сана сезімнің қалыптасуы, өзін-өзі дамытуға қабілетін қалыптастыру, жеке тұлғаның интеллектуалды дамуы.