"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Приозёрное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Президент Жолдауының" аясында

18.01.2018

10 қаңтарда біздің Елбасымыз Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа

мүмкіндіктері» жаңа Жолдауды жолдады.

       Мен 1997 жылдан бастап айтылған және жарияланған барлық Жолдауларға күә болып отырмын. Барлық Жолдауларда еліміздің дамуына нақты және анық ойластырылған қадамдары ұсынылған. Осы Жолдау да ерекшелік емес, онда «Сандық Қазақстан» кешенді бағдарламасы, «Қазақстан-2050» даму стратегиясы, Елбасының «100 нақты қадам», «Қазақстанды үшінші жаңғырту» басталған бағдарламаларды іске асыруға көмектесетін міндеттер қойылған.

Онда әрбір адам өзіне ең басты бағытын табады. Мен үшін ондай бағыт барлық Жолдау арқылы өтетін білімнің дамуы болып табылады. Егер бұрын мемлекет Басшысымыз білім берудің дамуы туралы жалпы айтатын болса, бұл жолы ол  қазақстандық моделін құрудың қажеттігін атап өтті  - бұл елдегі және ғаламдық әлемде өмір мен жұмыс үшін қажетті жаңартылған білім беру мазмұнына көшу, үш тілді меңгеру, «Барлығы үшін тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасын іске асыруды жалғастыру. Сондықтан жастар өзінің болашағы үшін сенімді бола алады.

 Жолдауда мәдениет пен идеологияны дамудың бағыттары берілген. Елбасымыздың айтуынша, біздің қоғамның мұраты өз тарихын, тілін, мәдениетін білетін, қазіргі заманғы, шет тілдерін жақсы меңгерген, озық және ғаламдық  көзқарастары бар қазақстандық болуы тиіс.

       Қазақстан Президентінің Жолдауы елорданың 20-жылдық мерейтойы - ел үшін маңызды жылы жарияланды, ал  біздің ауданымыздың тұрғындары үшін бұл Сандықтау ауданының 90-жылдық мерейтойы да болды.

       Әрбір адам үшін мемлекет Басшысының Жолдауында белгіленген мақсаттарды жүзеге асыруда өзінің үлесін қосу

міндеттері болып табылады.

 Өз мемлекетіне, таңдалған жолына сенемін, өйткені уақыт көрсеткендей, жүргізіліп жатқан реформалар біздің елімізде

табысты жүзеге асырылуда.

Просмотров: 366


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст