Орындаған: Есинбеков Жанболат /10 сынып оқушысы/
Эссе.
Әбу Насыр әл-Фарабидің нақыл сөздері
Біздің киелі қазақ даламыз көптеген ұлы ғұлама, данышпан адамдарды дүниеге алып келді. Кемеңгер ойшыл, ұлы ақын, жазушылар барша шығыс араб, парсы, түркі мәдениетін игеріп, өз туындыларын көпке ортақ тілде жазып, ұрпаққа мирас етіп қалдырды. Солардың ішінде әлемге екінші ұстаз деп танылған біздің дархан жеріміздің ұлы тұлғасы – Әбу Насыр әл-Фараби. Бұл адамның өмірі шын мәнінде жоғары стильге лайық және бүкіл адамзатқа тиесілі, өйткені оның отандастарымен атану құқығы үшін әлі күнге дейін көптеген елдер мен халықтар күресуде. Ұлы ойшылды қазақтар мен өзбектер, арабтар мен түрікмендер санайды. Бірақ қалай болғанда да, ол біздің қасиетті жерімізде дүниеге келді. Біз ұлы жерлесімізді мақтан тұтамыз. Міне осы жылы сол ұлы ғұламаның 1150 жылдық мерейтойын толғалы жатырмыз. Мерейтой қарсаңында ол туралы білген мәліметтермен бөлісіп, оның жазған көптеген нақыл сөздерді есіме алғым келеді.
Әл-Фараби өз ұрпағына бай және түрлі ғылыми мұра қалдырды. Ол өзінің нақыл сөздерінде көбінесе даналық, ғылым, білім туралы айтқан. Мысалы, «Шын білім – ақиқат, анық білім», «Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт», «Ақыл-парасат – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш», «Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбеңнен көп алыста жатады» деген нақыл сөздерінде терең астарлы ұғым жатыр. Осы қанатты сөздерді оқи отырып, ол нағыз керемет адам деп айтуға болады. Өйткені өмір туралы ойланып, білім біздің өмірімізде үлкен рөл атқаратынын түсінеміз. Маған әсіресе оның мына сөздері ерекше ұнайды: «Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, сонда болашағынды болжаймын». Себебі мына сөздерде ұлы ойшыл еліміздің болашағы біздің қолымызда, яғни саналы, білімі мол, өзінің туған жерінің, халқының қамын ойлайтын отаншыл жастардың қолында екенін айтады. Өйткені еліміздің көк байрағын көтеретін де, әлем алдында оны танытатын да – жастар. Данышпан ғалымның нақыл сөздері менің ғана емес, барша жастардың жүрегіне отаншылдық сезімін ұялатады.
Шынында да, әл-Фараби-біздің мақтанышымыз және біздің даңқымыз. Оның есімімен біз әлемдік мәдениетке қатысу құқығы бойынша қадам бастадық. Мен оны мақтан тұтамын!
Орындаған: Қайырбаев Бақтияр /9сынып оқушысы/
Эссе.
Әбу Насыр әл-Фарабидің нақыл сөздері
«Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді».
Тұлғаны тану парасаттылық.Абай атамыз айтқандай нұрлы ақылға сабыр қонса парасаттылық орнамақ.Сабырлылық адам көркі. Қандай қиын, тар заман болса да,сабыр сақтау халқымыздың ата дәстүрі. «Сабыр түбі сары алтын» деп ғұлама бабамыз әл Фарабидің туғанына 1150 жыл толған мерейтойына да жеттік.
Қазақ халқының атақты ғұлама ғалымы әл-Фараби: «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты» деген екен.
Ал өзіңді алға қарай жетілдіру және бойында жақсы мінез-құлық қалыптастыру ең алдымен өзінді-өзің танудан басталады. Егерде, өзіңнің кім екеніңді, қандай екеніңді білмесең, жетілдіру тәрбиесінің қай бағытта жүретінін және қандай мінез-құлық қалыптастыру қажеттігін білу өте қиын. Сондықтан өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі әрқашан өзекті болып отырғанына сенімдімін.
Қазақстан қоғамындағы жас ұрпақтың рухани-адамгершілік білімі мен тәрбиесі жалпыадамзаттық, жалпыұлттық және тұлғалық құндылықтардың үйлесімді жинақталуына бағытталған.
Біздің еліміздің тұңғыш ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен білім беру үдерісіне енгізілген рухани-адамгершілік тәрбиеге күш берген «Өзін-өзі тану» бағдарламасы осы-рухани-адамгершілік тәрбиеден бастау алып, жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыруды қолдап отыр. Біздің халқымыз үшін жан-жақты жетілген тұлға дегеніміз,ең алдымен ұлттық тәрбиенің нәрінен сусындап, бала жастан бойында ұлттық тәрбиені қалыптастырған жан.
Яғни, жастарға бізге,нақты білім негіздерін меңгертіп, олардың бойына рухани-адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы азаматтық құндылықтарды өмір бойы басшылыққа алып, өмір сүретін тұлға қалыптастыру қажет. Сондықтан қоғам дамуында біздің күнделікті қарапайым тіршілігімізде сүйіспеншілік пен ізгілік, мейірімділік пен қайырымдылық, шыдамдылық пен имандылық, адалдық пен ибалық сияқты асыл қасиеттердің болуы керек.
Осы адами қасиеттерді жүзеге асыру біздің негізгі мақсатымыз екендігі сөзсіз.
Қандай ғылым болса да, ол — “адам санасына дербес, ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды” деседі. Сондықтан талай ғылымдарды зерттеген болатын. Әл-Фараби нақыл сөздерді жаза келіп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірімділік адамгершілік жайындағы білім категориясының негіздерін ашып көрсетті.
"..Бақыттың мәні – парасаттылықта ,әркімнің өз алдында игілікті мақсат қоя білуінде...адамның өз мінез -құлқын , іс – әрекетін ерікті түрде өзгертіп , игілікке бағыштап отыруында.”.Әл-Фараби нақыл сөздерінде адамның санасына дербес ойларды жеткізген. Осы айтылған ойлардың мән-мағынасын түсінсек,ұлы ғұламаның бай мұрасындағы ғибратты сөздермен ұштастырамыз. Олай дейтініміз – ғалым Платонның айтуы бойынша, «Әлемнің жеті данагөйі» Дельфадағы Аполлонның сарайында бас қосып, ортақ бір ғана тұжырымға тоқталыпты. Латын тілі үлгісінде әрқайсысы «Өзіңді өзің таны» деп жазып қалдырған екен. Біз, кез - келген нәрсені өзімізден, өзімізді танудан бастауымыз керек. Яғни, өзімізді өзіміз танымасақ, өзгені қалай танимыз?! Ақжан атамыздың «Өзіңді өзің танысаң істің басы» деген сөзінің мағынасы осында жатса керек. Менің әлемімнің ең басты құндылығы – адам және адамның өмір сүруі үшін бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделген.Қорытындылай келе , мен ғұлама ғалымымыз Әл-Фарабидің дәуірінде айтып кеткен сөздерінің әлі күнге дейін өмірімізге қажеттілігін ұғындым. Оның адамгершілікке баулыған , тәрбиеге негізделген нақыл сөздері арқылы рухани азық алдым, адамдық сипатта бой түзеуге тырысамын. Әр қазақта тәлімалар ғибратты сөздер көп болғай.